«Қадірлі достарым! Хәлім ауыр. Ажалмен бір адамдай-ақ алысып едім, ол енді жеңіп барады. Менің өзегімді бір өкініш өртеп бара жатыр. Ол - халқымның мәдени өрісі мен бай мұрасын зерттеу, әлемге паш етіп, “Біз де ұлы халық болғанбыз”, “Бізден де мықты ер өткен” деп мақтану еді. Өлген соң халқымның мәдениетін қызғыштай қорғауға енді мүмкіндігім келмес. Келешек жастардікі ғой. Мен соларға сенемін. «Ел аман болса ер туғызбай қоймас» деген. Осы мәдениетті қорғайтын әлі талай ерлер өмірге келер. Тек уайымым: олар ішкенге мәз, жегенге тоқ ұрпақ болмаса екен»